Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Олеся Кексельге қатысты азаптау фактісі бойынша қосымша дәлелдемелер жиналып жатыр - Бас прокуратура

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2025 жылғы 4 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы тергеу департаменті бастығының орынбасары Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Елден қашып үлгерген Кексельге қатысты қосымша дерек

Авторы Айғаным Нариманова··1 мин оқу
Олеся Кексельге қатысты азаптау фактісі бойынша қосымша дәлелдемелер жиналып жатыр - Бас прокуратура
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2025 жылғы 4 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы тергеу департаменті бастығының орынбасары Олеся Кексельге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Елден қашып үлгерген Кексельге қатысты қосымша деректер жинау жалғасып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура Todayinfo.kz ақпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауапта мәлім етті, Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-бөлігінің 1 және 2-тармақтары (азаптау) бойынша күдікті ретінде танылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қосымша дәлелдемелерді жинауға бағытталған іс-шаралар қолға алынған. Бұл процестер ҚР заңнамасына сәйкес құпия түрде жүзеге асырылуда.
«ҚР ҚПК 201-бабы талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейді», - деп атап өтті Бас прокуратура.
   

Ұқсас материалдар

Олеся Кексельге қатысты азаптау фактісі бойынша қосымша дәлелдемелер жиналып жатыр - Бас прокуратура · Todayinfo