Желіде Шығыс Қазақстан облысындағы аудан әкімінің бұрынғы орынбасары Бауыржан Шаймерденовтің қоғамдық орында былапыт сөз айтып, өзін дөрекі ұстаған видеосы тарады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Кадрлардан оның мас күйде екені және айналасындағыларға дөрекі сөйлегені анық байқалады. Бұл оқиға қоғамда қызу талқы тудырып, көпшіліктің сынына ұшырады.
Осы жайтқа қатысты облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ресми пікір білдіріп, Бауыржан Шаймерденовтің бұл видео тарамай тұрып-ақ қызметінен босатылғанын хабарлады.
«Бауыржан Шаймерденов 2024 жылдың 17 маусымында Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылығы үшін қызметінен босатылған. Ол қазір мемлекеттік қызметкер емес», – делінген әкімдік хабарламасында.
Әкімдік оның жұмыстан шығарылуына басқа жағдай себеп болғанын, ал бұл видеоның кейінірек түсірілгенін атап өтті. Яғни, видеодағы оқиға кезінде ол мемлекеттік қызметте болмаған.




