Оксфордта дәріс оқыған алғашқы қазақ ғалымы қайтыс болды
[ad_1] Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымы, профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Темірғали Көкетаев өмірден өтті. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желіде марқұмның отбасына көңіл айтып, ғалымның Оксфордта дәріс оқыған тұңғыш

[ad_1]
Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалымы, профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Темірғали Көкетаев өмірден өтті.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желіде марқұмның отбасына көңіл айтып, ғалымның Оксфордта дәріс оқыған тұңғыш қазақ ғалымы екенін атап өткен.
«Оның есімі жоғары кәсібилік пен ғылымға деген адалдықтың символына айналды. Ол есімі әлемге танымал ғалым ғана емес, сонымен бірге еңбегі мен жүріп өткен жолы біздің еліміздің тарихында мәңгіге қалатын дара тұлға. Темірғали Көкетаев Оксфордта дәріс оқыған алғашқы қазақ ғалымы. Оның еңбегін Кембридж университетінің Халықаралық өмірбаяндық орталығы екі рет атап өтті. Ол өз өмірін отандық ғылымға қызмет етуге және жас таланттарды тәрбиелеуге арнады. Ел ағасының туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі мәңгілік жадымызда қалады», - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.
[ad_2]
Дереккөз: ulysmedia.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·