Өскеменде подъезд есігінен ток ұрған жігіт жансақтау бөліміне түсті
Өскеменде подъезд есігінен ток ұрған жігіт жансақтауға түсті. Әкімдік ақаудың себебі прожектор шамы болғанын мәлімдеді.

Өскеменде подъезд есігінен ток соғып, бір жігіт ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Оқиға 25 желтоқсан күні Протозанова көшесіндегі №31 үйдің 1-подъезі маңында болған.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
Үй тұрғындарының айтуынша, домофоны бар кіреберіс есік соңғы бір ай бойы адамдарды «ток ұрып» жүрген. Алайда мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмеген.
Куәгерлердің сөзінше, бүгін жігіт есікті ұстаған сәтте электр тогы қатты соғып, оны бірнеше қадам жерге дейін лақтырып жіберген. Тұрғындар бірден жедел жәрдем шақырған.
Дәрігерлер келген соң оқиға орнында реанимациялық көмек көрсеткені айтылады. Тұрғындардың сөзінше, жүрек тоқтап қалу жағдайы болған, кейін науқас ауруханаға жеткізілген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·