Өскемен әкімшілік полиция бөлімінің бастығы парамен ұсталды
Өскемен қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz Kazinform -ға сілтеме жасап. «Шығыс Қазақстан облысының сыбайл

Өскемен қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚК департаментімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Өскемен қалалық полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің лауазымды тұлғалары мен басқа да адамдардың жемқорлық әрекеттерін әшкереледі. Мамандандырылған тұрақтардан автокөлік құралдарын беру кезінде жүйелі түрде пара алу фактісімен әкімшілік полиция бөлімінің бастығы сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталу сатысында», - деді Арман Тілеукенов ведомствода өткен брифингіде.
Оның атап өтуінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - деді ол.
Фото: tengrinews.kz
Todayinfo.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·