Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Өңір басшысы тұрғындармен бірге тал екті: Ұлытау облысында кең ауқымды сенбілік өтті

2025 жылғы 5 сәуірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысында кең ауқымды жалпыоблыстық сенбілік өтті. Игі шараның басты мақсаты – өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға және тазалықты сақтауға шақыру, деп

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Өңір басшысы тұрғындармен бірге тал екті: Ұлытау облысында кең ауқымды сенбілік өтті
2025 жылғы 5 сәуірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысында кең ауқымды жалпыоблыстық сенбілік өтті. Игі шараның басты мақсаты – өңірде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға және тазалықты сақтауға шақыру, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Сенбілік барысында Жезқазған қаласындағы Ғарышкерлер бақжолында 110 түп ағаш отырғызу жоспарланып, аталған іске облыс әкімі Дастан Рыспеков, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, түрлі ұйымдар, еріктілер мен қала тұрғындары белсенді қатысты. Тазалық пен тәртіп – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Табиғатты аялау – болашақ ұрпақ алдындағы зор жауапкершілік.

Ұқсас материалдар

Өңір басшысы тұрғындармен бірге тал екті: Ұлытау облысында кең ауқымды сенбілік өтті · Todayinfo