Өлімнен аман қалдық: Жамбыл облысында екі пойыз соқтығысты
Желіде тараған видеода Жамбыл облысындағы Жаңатас станциясында болған қауіпті жағдай көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, екі жүк пойызы бір-бірімен соқтығысқан. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі секциялы магистральдық 2ТЭ10 тепл

Желіде тараған видеода Жамбыл облысындағы Жаңатас станциясында болған қауіпті жағдай көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, екі жүк пойызы бір-бірімен соқтығысқан. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі секциялы магистральдық 2ТЭ10 тепловозына 5 вагон дизель отынын тасып келе жатқан маневрлік тепловоз келіп соғылған. Екінші тепловоз “Қазақстан темір жолы” компаниясына тиесілі екені айтылды.
Оқиға куәгерлерінің сөзінше, соқтығыс салдарынан адамдар қатты шошып, “бір өлімнен аман қалдық” деп жағдайдың қаншалықты қауіпті болғанын жеткізген.
Желі авторы машинист мас болуы мүмкін деген болжам айтады. “Тойып алған ба, білмеймін. Бұған қалай жол берілді?” деп сұрақ қояды ол.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі ресми түрде расталған жоқ. Қоғам “Қазақстан темір жолы” компаниясының ресми түсініктемесін күтуде.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·