"Елдің рухани лидері аятолла Хаменеи мен президент Масуд Пезешкиан қауіпсіз жерде", - деп хабарлады Иран билігі.Фото: Әлеуметтік желіден
NYT: Израиль шабуылының басты мақсаты Иран басшыларының көзін жою болған
Израильдің Иранға жасаған шабуылының негізгі мақсаты ел басшыларының көзін жою болуы мүмкін. NYT дереккөздері құпия жоспарды әшкереледі.

Израильдің Иранға жасаған алғашқы соққыларының негізгі нысанасы Иран Ислам Республикасының жоғары лауазымды басшылары болған. Бұл ақпаратты New York Times басылымына сілтеме жасаған BBC Израиль қауіпсіздік қызметіндегі үш дереккөзге сүйеніп таратты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Дереккөздердің айтуынша, Израиль тарапы шабуылдың кенеттен жасалатынына сенім артқан. Алдын ала құрылған жоспар бойынша, бірінші соққы кезінде бірнеше жоғары лауазымды ирандық шенеуніктің көзі жойылуы тиіс еді.
Сонымен қатар басылым Тегерандағы үкіметтік ғимараттар орналасқан ауданнан түсірілген видеоны жариялады. Кадрлардан қалың түтін көтерілгені анық байқалады. Бұл аумақта президент сарайы, Иранның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі және басқа да маңызды мемлекеттік нысандар шоғырланған. Тағы бір видеода Иранның Барлау министрлігі ғимаратының маңына соққы жасалғаны көрсетілген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·