АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранмен келіссөздерге қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Нетаньяхудың айтуынша, ол АҚШ президентімен екі елдің әскери жетістіктерін пайдалана отырып, Израильдің мүддесін қорғайтын келісімге келу мүмкіндігін талқылаған.
"Мен бүгін Трамппен сөйлестім. Оның ойынша, Израиль мен Америка әскерінің жетістіктерін пайдалана отырып, біздің мүддемізді қорғайтын келісім аясында әскери мақсаттарға жетуге толық мүмкіндік бар", - деді Нетаньяху.
Сонымен қатар Израиль үкіметінің басшысы Иран мен Ливанға бағытталған соққылардың тоқтамайтынын ескертті.
"Біз Иранның зымыран және ядролық бағдарламаларын жойып, "Хезболла" ұйымына қарсы қуатты соққыларымызды жалғастырамыз. Қандай жағдай болмасын, өзіміздің өмірлік маңызды мүдделерімізді қорғаймыз", - деп атап өтті үкімет басшысы.
Фото: Әлеуметтік желіден




