Ұлттық кітап күні апталығы аясында болашақ мұнайшылармен «Бесқонақ – кітапқа ғашық ету амалы» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық әдебиетке қызығушылықты арттыру.
Ұлттық кітап күні апталығы аясында болашақ мұнайшылармен «Бесқонақ – кітапқа ғашық ету амалы» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында оқу мәдениетін қалыптастыру және ұлттық әдебиетке қызығушылықты арттыру.
Кездесуге танымал отандық жазушылар қатысып, еркін форматта студенттермен пікір алмасты. Әдеби кеш барысында авторлар оқудың жеке тұлға дамуы мен дүниетанымды кеңейтудегі рөлін ерекше атап өтті, сондай-ақ қазіргі қоғамда оқырман мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын айтты.

Кітап күні қарсаңында С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде студенттер арасында Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын оқу бойынша байқау ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған университет студенті Ақпейіл Нұраулетова. Жеңімпазға сыйлықты ақын Ерлан Жүніс табыстап, ізгі тілегін білдірді.
Айта кетейік, биыл өңірде Ұлттық кітап күні алғаш рет апталық бағдарлама форматында өтуде. Апталық ашық аспан астындағы кітап көрмесімен басталып, оған қаланың 300-ге жуық тұрғыны қатысты. Рухани-ағартушылық іс-шаралар аясында еліміздің танымал жазушыларының қатысуымен «Кітап – достық амбассадоры» әдеби кездесуі өтті. Сондай-ақ төрт ірі сауда алаңы мен танымал республикалық баспалар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бүгін іс-шаралар сериясы «Кітап FEST» фестивалімен аяқталады. Фестивальде 9 танымал баспадан 5000-нан астам кітап төмендетілген бағамен ұсынылады. Сонымен қатар, жыл бойы аталып өткен үздік оқырмандар мен кітап клубтары арнайы номинацияларда марапатталады.