Музыка даусына шыдай алмаған ер адам көршісін ұрып-соққан
Фото: ZAB.RU Орал қаласында сот қатты музыка үшін көршісін ұрып-соққан ер адамның ісін қарады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2023 жылдың 2 желтоқсанында кешкі сағат 18:00 шамасында болған. «Орал тұрғыны өз пәтерінде қатт

Фото: ZAB.RU
Орал қаласында сот қатты музыка үшін көршісін ұрып-соққан ер адамның ісін қарады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Іс материалдарына сәйкес, оқиға 2023 жылдың 2 желтоқсанында кешкі сағат 18:00 шамасында болған.
«Орал тұрғыны өз пәтерінде қатты музыка қойып, тыңдап отырған. Бұл көршісінің ашуын туғызған. Ол әйелді сабырға шақырмақ болып, есігін қаққан, алайда жауап болмаған. Кейін ашуланған ер адам есіктің әйнегін сындырып, ішке кірген. Ол әйелді тауып алып, бірнеше рет басы мен денесінен ұрған. Артынша оның басын қабырғаға соғып, пәтерден шығып кеткен», – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші соттан қатаң жаза тағайындауды сұрамады, бірақ белгілі бір шектеулер қоюды өтінді.
Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің кінәлі деп танып, 40 сағат қоғамдық жұмыс істеу жазасын белгіледі. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Ақпарат көзі: «Мой город»
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·