«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы наурызда көрерменге жол тартпақ
Фото: Qalan Былтыр БАҚ беттерінде «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр болатын, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Осыған дейін көшелерде ілінген Сұлтан мен Қожа бейнелерін қалың жұрт жиі көріп жүр.Бәрімізге бұрыннан таныс бейнелердің ұқсастығы шыны

Фото: Qalan
Былтыр БАҚ беттерінде «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр болатын, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Осыған дейін көшелерде ілінген Сұлтан мен Қожа бейнелерін қалың жұрт жиі көріп жүр.Бәрімізге бұрыннан таныс бейнелердің ұқсастығы шынымен таңғалдырады.
«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасын отандық Qalan компаниясы түсіргені белгілі болды. Жаңа фильм «Қожа: Жаңа саяхат» деп аталады. Фильмді наурыз айында барлық кинотеатрдан көруге болады.
Бердібек Соқпақбаевтың шығармасының желісімен түсірілген «Менің атым Қожа» фильмі бала кезден қайталап көретін сүйікті туындыға айналған. Дегенмен қазақ кино өнерінің классикасы деп есептелетін фильмнің жалғасы бұрынғы жетістікке жете ме, оны көрермен талқысына қалдырамыз.
Qalan компаниясы 2018 жылы негізі қаланған. Қазірде 800 мыңнан астам қолданушысы бар, жыл сайын қарыштап өсіп келе жатқан еліміздегі бірден бір Ed Tech компания. Компания бүгінде Араб түбегі, Әзірбайжан, Өзбекстан, Татарстан сынды алыс-жақын шет елдермен жұмыс істеп, жаңа бөлімдерін ашып жатыр.
Ұқсас материалдар

Аймақ
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Аймақ
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·