Мемлекеттік құпияны білетіндер шетелге рұқсатсыз шыға алмауы мүмкін
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мемлекеттік құпиямен жұмыс істеген тұлғалардың шетелге рұқсатсыз шығуына әкімшілік жауапкершілік енгізуді көздеп отыр. Қазіргі заңнамада тек құпиямен жұмыс істеу құқығы бар тұлғаларға ғана жауапкершілік қарастырылғанымен, бұрын құпия

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мемлекеттік құпиямен жұмыс істеген тұлғалардың шетелге рұқсатсыз шығуына әкімшілік жауапкершілік енгізуді көздеп отыр. Қазіргі заңнамада тек құпиямен жұмыс істеу құқығы бар тұлғаларға ғана жауапкершілік қарастырылғанымен, бұрын құпия ақпаратқа қол жеткізгендерге мұндай талап қолданылмайды. Осы олқылықты түзету мақсатында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 504-бабына өзгеріс енгізу ұсынылған. Бұл туралы Todayinfo.kz хабарлайды.
Бұл бастама мемлекеттік құпиялардың сақталуын нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ, құпия ақпараттың техникалық қорғалуын және құпиялық режимінің жүйелі түрде бұзылуына қатысты жауапкершілікті күшейту мәселесі де қарастырылуда. ҰҚК айыппұл мөлшерін арттыру арқылы құпия режимді сақтау талаптарын бұзғандарға қатысты жазалауды қатайтуды ұсынды.
Мәжіліс депутаты Марат Башимовтың айтуынша, кейбір құпия ақпарат білетін адамдар шет мемлекеттерге сапар жасап, сол елдердің өкілдерімен кездесіп жүргені байқалады. ҰҚК-ның заңға енгізбекші өзгерістері осындай жағдайларды реттеуге және мемлекет қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·