Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Мемлекеттік құпияны ашып берген»: Қорғаныс министрі қандай әрекеті үшін қызметтен қуылғаны белгілі болды

Жуырда шұғыл түрде министрлер кабинетінен қуылған Руслан Жақсылықовтың қандай істі бүлдіргені белгілі болды. Экс-министр "мемлекеттік құпияны" шетелге ашып берген, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жақсылықовтың жасаған жаман ісіне бола үкіметте "шу" болған. Оның қан

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Мемлекеттік құпияны ашып берген»: Қорғаныс министрі қандай әрекеті үшін қызметтен қуылғаны белгілі болды
Жуырда шұғыл түрде министрлер кабинетінен қуылған Руслан Жақсылықовтың қандай істі бүлдіргені белгілі болды. Экс-министр "мемлекеттік құпияны" шетелге ашып берген, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Жақсылықовтың жасаған жаман ісіне бола үкіметте "шу" болған. Оның қандай қисынсыз әрекетке барғанын қоғам белсендісі Ораз Әлімбек қоғамға жария етті. Президент Қ.Тоқаевтың Руслан Жақсылықовты неге Қорғаныс министрі қызметінен алып тастағанын жұрт түсінбей жатыр. «Ол қазір үйқамақта екен, оны тергеп-тексеріп жатыр» деген сыпсың сөз де айтылып қалды. Мұндайда «Р.Жақсылықов неге жазықты болды?» деген сұрақтың туатын анық.
«Мен осы сұрақтың жауабын іздеп Ақорда жақта жүрген құпия дереккөзіме хабарластым. Оның айтуынша, Р.Жақсылықов сәуір айында БҰҰ жанындағы Қазақстанның бітімгерлік миссиясының әскери қызметкерлерін мемлекеттік марапатқа ұсыну кезінде «мемлекеттік құпияны» ашып қойған. Мысалы, Серик Аскарович Нурумов БҰҰ-дағы Қазақстан Қорғаныс министрілігінің әскери өкілінің орынбасары қызметін атқарады. Бұл – жария ақпарат. Сондай-ақ С.Нурумов ҚР Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының (БББ) құпияланған қызметкері тұғын. Шетелде әскери барлау ісімен шұғылданатын мұндай адамның шынайы өмірбаяны мен қызметі айтылмайды. Тіпті орден-медаль және әскери шен оларға құпия жағдайда табысталады», -деді ол.
Алайда аса құпия іспен айналысатын адамның лақап атымен қоса айтып қойған соң дау туған.
«Ал Руслан Жақсылықов сәуір айының ортасында марапатталатын әскерилердің тізіміне Серик Нурумовты құпия лауазымымен қоса жазып жіберді. Бұл оқиға Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде үлкен дау тудырды, Р.Жақсылықовтың біліксіздігі, «мемлекеттік құпияны» жариялап жіберуі мәселесі күн тәртібіне сол кезде қойылған. Мұның соңы Р.Жақсылықовтың қызметімен қоштасуына ұласты» деді дереккөз», -деп жазды Ораз Әлікбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Ұқсас материалдар

«Мемлекеттік құпияны ашып берген»: Қорғаныс министрі қандай әрекеті үшін қызметтен қуылғаны белгілі болды · Todayinfo