Todayinfo.kz
Түркістан облысыБарлық жазбаларды қарау

Мемлекеттік бағдарлама: кентаулық көпбалалы әке қайтарымсыз грант алып өз кәсібін бастады

Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Бекзат Джумабаев 2024 жылдың бірінші легінде мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз грант иегері атанып, өз ісін бастады. Көпбалалы әке, еңбекқор кәсіпкер грант қаражаты арқылы өз кәсібін дамытып, жиһаз өндірісіне қажетті құрал-жабды

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··3 мин оқу
Мемлекеттік бағдарлама: кентаулық көпбалалы әке қайтарымсыз грант алып өз кәсібін бастады
Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Бекзат Джумабаев 2024 жылдың бірінші легінде мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз грант иегері атанып, өз ісін бастады. Көпбалалы әке, еңбекқор кәсіпкер грант қаражаты арқылы өз кәсібін дамытып, жиһаз өндірісіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Бекзаттың кәсіпкерлік ісі айына 700 000 теңге таза пайда әкеліп отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Көпбалалы әке жиһаз өндірісімен 2 жылдан бері айналысып, мол тәжірибе жинақтаған. Ол өзінің кәсіпкерлік саласын өркендету үшін ең алдымен халықтың сұранысын жіті зерттей отырып, талғамына мән беріпті. Осы мақсатта кәсіпорында сапалы кеңсе және тұрмыстық жиһаздар жасап шығарып, тұтынушылардың сенімін ақтауда. Қазіргі таңда мұндағы шағын цехта екі адам жұмыспен қамтылып отыр. Бекзат Джумабаев мемлекеттік гранттың иегері әрі табысты кәсіпкер ретінде өз пікірін білдіре отырып, мемлекеттің кәсіпкерлікке қолдау көрсетуінің маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінде менің шағын бизнесімнің өркендеуінде мемлекеттік бағдарламалардың рөлі өте үлкен. Грантты алудан бұрын менде кәсіп ашу үшін қаржылық ресурстардың тапшылығы болды, ал қазіргі таңда мен өз ісімді бастауға және дамуға қажетті құрал-жабдықтарға қол жеткіздім. Бұл тек менің емес, мен сияқты мыңдаған адамдардың да өмірінде оң өзгерістер әкелді», — деді ол.
Сонымен қатар Бекзат өзінің кәсіпкерлік қызметінің әлеуметтік аспектісіне де ерекша назар аударатынын жеткізді.
 «Мемлекеттік бағдарламаның шапағаты мұқтаж жандарға тиіп жатқаны қуантады. Ең бастысы, еңбек пен ниет керек. Алдағы уақытта осы салада өнім өндіретін цехтың көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмын», - деді Бекзат Нағашалиевич.
Кәсіпкер бүгінгі күні халыққа қол жетімді бағада жиһаз өндіріп, Кентау мен Түркістан жұртынан тапсырыс қабылдап отыр. Қабылданған тапсырыстар көп күттірмей өз иесіне жеткізіліп, тұтынушылардың көңілінен шығып жататынын қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Осы орайда әлеуметтік желі арқылы бірнеше тұтынушымен байланысқа шығып, пікірлерін білуді жөн көрдік.
«Мен Бекзаттың цехынан жиһаз сатып алғанда, өнімнің сапасына таң қалдым. Жиһаз өте берік әрі заманауи дизайнда жасалған. Бағасы да қолжетімді. Оның жұмысшыларымен де, өзімен де сөйлескенде, кәсіби көзқарас пен клиенттерге деген құрметті байқадым. Әрине,  тұтынушының жағдайын түсініп, талғамымен санасу жақсы ғой. Мұндай істің ертеңі де зор болатыны халықтың алшғысы», — деді Кентау қаласының тұрғыны Нұргүл есімді келіншек.
Сонымен қатар түркістандық Асқар есімді азамат  берген тапсырысының тез әрі жылдам жасалып, сапалы шыққанына көңілі толатынын айтты.
«Біз үйіміз үшін кеңсе жиһаздарын жасауымыз қажет болған. Ойдағыдай боп шықты. Жиһазымыз көп күттірмей жасалып, уақытында жеткізілді, сапасы да өте жақсы. Жасалған жұмысқа риза болдым»,-деді ол.
Бекзат Нағашалиевич алдағы уақытта өз кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Өндіріс цехының көлемін ұлғайту арқылы ол тапсырыстар санын көбейтіп, жұмыс орындарын да арттырмақ. Бұл тек оның жеке кәсібіне емес, жалпы аймақ экономикасының дамуына да үлес қосары сөзсіз.
«Мемлекет тарапынан берілген қолдау мені ынталандырғаны рас. Менің ойымша, мұндай бағдарламалар елдің экономикалық дамуына үлес қоса отырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Келешекте мен өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отырмын. Бұл менің отбасым үшін ғана емес, еліміздің экономикасы үшін де үлкен үлес болады», — деді Бекзат.
Кәсіпкердің пікірінше, жұмысқа деген ықылас қашан да қолдау табады. Тек белсенді болу маңызды.
 «Мен әрқашан адамдарға, әсіресе жастарға еңбек етудің маңыздылығын түсіндіруге тырысамын. Біздің елімізде табысты болуға мүмкіндік беретін бағдарламалар бар, бірақ оларды іске асыру үшін жұмыс істеп, күш-жігер жұмсау қажет», — деді Бекзат.
Сонымен қатар ол халыққа ұсынып отырған өнімдерінің сапасына баса назар аударады.
 «Мен үшін сапа – ең басты фактор. Тұрғындар өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын өнім алуы тиіс. Сондықтан мен заманауи технологияларды қолданып, өнімдеріміздің сапасын арттыруға барынша тырысамын», — деді кәсіпкер.

Ұқсас материалдар