Мемлекетке 13,5 млрд шығын: Проблемалық кредиттер қорының экс-басшысы ұсталды
ҰҚК «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы басшысын ұстады. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, мемлекетке 13,5 млрд теңге шығын келтірді деп айыпталуда.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржы министрлігіне қарасты «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ бұрынғы басқарма төрағасын ұстады. Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, мемлекетке миллиардтаған теңге шығын келтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, күдікті жекеменшік иесіне кепілдегі мүлікті сатудан түскен ақшаны қорға аударудың орнына, оны ұстап қалуға заңсыз рұқсат берген. Бұл әрекеттің салдарынан мемлекетке 11,4 миллиард теңге көлемінде залал келген.
Сонымен қатар, тергеу материалдарында оның мемлекеттік мүлікті әдейі арзандатылған бағамен сатқаны анықталды. Нәтижесінде бюджетке 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат түспей қалған.
Бұл іс бойынша борышкер компаниялардың иесі мен оның сыбайластары да қамауға алынды. Олар құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілде тұрған жер телімдерін сатып, қорға 800 миллион теңге көлемінде зиян келтіргені белгілі болды.
Сот санкциясымен ұсталғандар Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») және 361-бабы («Лауазымдық өкiлеттiктердi теріс пайдалану») бойынша қамауға алынды. Күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·