Мас күйінде көлік айдаған әнші Qarakesek-тің ісі сотқа жолданды
Qarakesek сахналық атымен танылған әнші Омар Амантаевке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Ақтөбе облыстық соты таратқан ақпаратқа сәйкес, іс №2 Ақтөбе қалалық соты қарауына берілген. Алғашқы негізгі сот отырысы 18 ақпан күні сағат 14:30-да өтпек. Ресми деректерге қарағанда, му

Qarakesek сахналық атымен танылған әнші Омар Амантаевке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ақтөбе облыстық соты таратқан ақпаратқа сәйкес, іс №2 Ақтөбе қалалық соты қарауына берілген. Алғашқы негізгі сот отырысы 18 ақпан күні сағат 14:30-да өтпек.
Ресми деректерге қарағанда, музыкантқа ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігімен айып тағылып отыр. Бұл бап есірткі және психотроптық заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз әрекет етуге байланысты. Тергеу барысында процессуалдық нормалардың бұзылғаны анықталмаған. Айыпталушы іс материалдарын қарап шығып, қосымша талап-арыз немесе шағым түсірмеген.
Айта кетейік, 2025 жылдың күзінде Ақтөбеде Qarakesek есірткілік мас күйде көлік тізгіндеді деген күдікпен ұсталған болатын. Сол кезде сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырған еді. Кейіннен осы оқиға негізінде есірткі құралдарын заңсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Егер сотта кінәсі дәлелденсе, айыпталушыға 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы қолданылуы мүмкін.
Фото: instagram
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·