Мария Дмитриенко стенд атудан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігігің Спортты дамыту дирекциясы Бүгін стенд атудан Катардың астанасы – Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде ұлттық құраманың спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Ол трап жаттығуында финалға шықты. Финалда Дмитриенкодан ба

Фото: Туризм және спорт министрлігігің Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін стенд атудан Катардың астанасы – Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде ұлттық құраманың спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Ол трап жаттығуында финалға шықты. Финалда Дмитриенкодан басқа төрт адамда жолдама болғандықтан, оның қорытынды нәтижесіне қарамастан отандасымыз бен тағы бір шетел мергені лицензияға ие болды.
Мария Дмитриенко осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-орынға табан тіреген еді. Былтыр ол Бакудағы әлем чемпионатында аралас жұптық сында Даниил Почиваловпен бірге қола жүлдегер атанды. Қазір Қазақстан қоржынында Олимпиялық ойындардың 47 лицензиясы бар.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·