Маңғыстау әкімінің орынбасары екі айдан соң қызметінен босатылды
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев небәрі екі ай жұмыс істеп, қызметінен кетті. Танымал журналист енді Президент Телерадиокешеніне қайта оралды.

Тілеген Әбішев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымын босатылды. Ол бұрын өзі жұмыс істеген Президент Телерадиокешеніне қайта оралды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Тілеген Әбішев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып 2024 жылдың мамыр айында ғана тағайындалған еді. Алайда араға екі ай салып, ол бұл қызметімен қош айтысып, басқа жұмысқа ауысты.
Енді ол Президент Телерадиокешені директорының өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқаратын болады. Бұл – Әбішев үшін таңсық орын емес. Ол 2023 жылдың қыркүйегінен биылғы жазға дейін осы кешен директорының орынбасары болған.
Тілеген Әбішев 1977 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «тележурналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін Қазақ гуманитарлық-заң университетінде заңгер білімін алып, MBA дәрежесін қорғаған. Еңбек жолында «Астана», «Хабар 24» және Atameken Business Channel сияқты телеарналарда жүргізуші болып, «Аграрлық несие корпорациясы» мен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметтерін басқарған.
Фото: Әлеуметтік желіден
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·