АҚШ президенті Дональд Трамп Франция президенті Эмманюэль Макронға қатысты айтқан әзілімен қоғам назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Жабық форматта өткен жеке кешкі ас кезінде Трамп Макронның жеке өміріне қатысты мысқыл сөздер айтып, оның жұбайы өзіне «өте нашар қарайды» деген пікір білдірген.

Сондай-ақ америкалық саясаткер Франция көшбасшысы «жақ сүйегіне тиген соққыдан әлі де айыға алмай жүр» деп әзілдегені хабарланды. Бұл сөздер көпшіліктің талқысына түсіп, дипломатиялық этика мәселесін қайта көтерді.

Өз кезегінде Эмманюэль Макрон мұндай мәлімдемені «талғамға сай емес әрі мемлекет басшысына жараспайтын сөз» деп бағалаған. Ол мұндай жеке басқа қатысты әзілдердің халықаралық қатынастар мәдениетіне сәйкес келмейтінін атап өткен.

Сарапшылардың пікірінше, әлемдік көшбасшылардың бір-біріне қатысты осындай мәлімдемелері қоғамда кең резонанс тудырып, екіжақты қарым-қатынасқа да әсер етуі мүмкін.