Қазақстандық актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында Өскеменде өткен демалысы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі демалыс күнін көтеріңкі көңіл-күймен өткізгенін айтып, жақындарының амандығына тілектестік білдірді.
«Бүгінгі демалыс осылай болды, шүкір. Бәрімізге керек адам! Жақындарымыз аман болсын. Жанымдағы жан аман болсын. Команда аман болсын», – деп жазды актриса.
Сондай-ақ ол іс-шараны ұйымдастырған өскемендіктерге алғысын жеткізді.
Желі қолданушылары актрисаның жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, оған шығармашылық табыс пен отбасының амандығын тіледі.




