Махмұд Сабырхан Шымкенттегі халықаралық турнирде қырғызстандық қарсыласын нокаутпен ұтты
Махмұд Сабырхан Шымкенттегі Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде жарқын жеңіске жетті. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Фото: ҰОК Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халық

Махмұд Сабырхан Шымкенттегі Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде жарқын жеңіске жетті. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирдегі екінші жекпе-жегін өткізіп, жарқын жеңіске қол жеткізді. 57 келідегі Махмұд Сабырхан алғашқы айналымда Алматы облысының өкілі Тимур Кенжеақыннан айқын ұтса, екінші жекпе-жегінде қырғызстандық Елхан Молдагазиевті 2 раундта техникалық нокаутпен жеңді. Махмұд енді жартылай финалда Сабыр Ерболатты ұтқан украиналық боксшы Олег Шулячевпен жұдырықтасады.
Айта кетейік, жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және бірнеше елден 150 боксшы қатысып жатыр. Осымен 43-рет өтіп жатқан бұл турнирде Қазақстан боксшылары Азия чемпионатына іріктеліп, құрам жасақталады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·