Мәскеудегі парадта Тасмағамбетов, Сағынтаев және Ермекбаев қатар отырып көзге түсті
Мәскеуде өткен Жеңіс парадында «ескі Қазақстанның» үш бірдей өкілі – Иманғали Тасмағамбетов, Бақытжан Сағынтаев және Нұрлан Ермекбаев қатар бой көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo. Бұлардың үшеуі де бұрын Қазақстанда жоғары лауазымдарда болған, қазіргі таңда халықаралық беде

Мәскеуде өткен Жеңіс парадында «ескі Қазақстанның» үш бірдей өкілі – Иманғали Тасмағамбетов, Бақытжан Сағынтаев және Нұрлан Ермекбаев қатар бой көрсетті, деп хабарлайды Todayinfo.
Бұлардың үшеуі де бұрын Қазақстанда жоғары лауазымдарда болған, қазіргі таңда халықаралық беделді ұйымдарда басшылық қызмет атқарады.
Иманғали Тасмағамбетов – бүгінгі таңда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы. Бұған дейін Қазақстанның премьер-министрі, қорғаныс министрі, Астана мен Алматы қалаларының әкімі қызметтерін атқарған тәжірибелі саясаткер.
Бақытжан Сағынтаев – қазір Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы. Бұрын премьер-министр, Президент әкімшілігінің жетекшісі және Алматының әкімі болған ол да тәжірибесі мол әрі ықпалды саясаткерлердің бірі саналады.
Ал Нұрлан Ермекбаев – қазір Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы. Бұрын қорғаныс министрі қызметін атқарған Ермекбаев та халықаралық аренада жоғары беделге ие тұлға.
Жеңіс парадында бір қатарда тұрған бұл үш тұлға Қазақстанның қазіргі саяси элитасының халықаралық деңгейде қаншалықты сұранысқа ие екенін көрсетсе керек.
Осылайша, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер бүгінде халықаралық саясаттың ірі ойыншыларына айналып отыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахский тазы триумфально представлен на World Dog Show 2026 в Болонье
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Көргенсіздік»: Кесені кеудесіне киген қыздың фотосы жұртты шулатты
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Миллионы на творчество: как государство поддерживает молодых казахстанцев
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жаннұр Еділбаева·