Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

«Мәйітті жағып жіберген: Оңтүстік кореялық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы асылып қалды

Қазақ қызы Оңтүстік Кореяда асылып қалды. 43 жастағы келіншек осыдан 8 жыл бұрын елден кетіп, кәріс жігітіне тұрмысқа шыққан. Алайда депрессияға түскен қазақ қызы саябақта асылып қалған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.  "1982 жылғы қазақстандық азамат саябақта

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
«Мәйітті жағып жіберген: Оңтүстік кореялық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы асылып қалды
Қазақ қызы Оңтүстік Кореяда асылып қалды. 43 жастағы келіншек осыдан 8 жыл бұрын елден кетіп, кәріс жігітіне тұрмысқа шыққан. Алайда депрессияға түскен қазақ қызы саябақта асылып қалған, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. 
"1982 жылғы қазақстандық азамат саябақтардың бірінде өз-өзіне қол салып, өмірден өтті. Ол бұл елге 2017 жылы келіп, кәріс азаматына некеге тұрған. Екеуі заңды некеде. Орталарында бала жоқ. F-6 визасы болған (неке визасы). Полицияның мәліметінше, отандасымыз үйіне жақын орналасқан 25 мамыр күні сағат 3-тер шамасында өз-өзіне қол салған", -делінген  бейнеүндеудегі хабарламада. 
Марқұмның денесін сол жерде жүрген кәріс азаматы таңғы 5-тер шамасында көріп қалып, құзырлы органдарға хабарлаған. Келіншектің денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері болмаған.
"Марқұм әйел ислам дінін ұстанған. Соған қарамастан күйеуі біле тұра, кремация жасаған. Яғни, мәйітін өртеп жіберген. Полиция бұл іс бойынша толық тергеу жұмыстарын аяқтады. Марқұмның денесін елге жеткізу бойынша елшілік құжаттарды дайындаған", - дейді видео авторы.
Ол бұл істе ешқандай қылмыс болмағанын, қазақстандық әйел суицид жасағанын айтып отыр. Күйеуі марқұмның денесін құшақтап бергісі жоқ екен. Егер өз еркімен бермесе, мәжбүрлі шара қолданатын көрінеді. Сыртқы істер министрлігі әзірге ешқандай ресми ақпарат таратқан жоқ.

Ұқсас материалдар

«Мәйітті жағып жіберген: Оңтүстік кореялық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы асылып қалды · Todayinfo