«Бұл — қатардағы жұмысшылар емес, тікелей жауапкершілік арқалайтын инженерлік-техникалық персонал. Бұл — жауапты лауазымды тұлғалар. Олар да, материалдар да тергеу органдарына берілді. Кінәсін сот анықтайды. Жекелеп айтсақ, бас директор Яблонский, персонал жөніндегі директор Винокурова, Белый мырза, «АрселорМитттал Теміртаудың» көмір департаментінің атқарушы директоры Огай және басқалар», — деді Сырым Шәріпханов.Еске салсақ, 28 қазан сағат 2:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 шахтер шығарылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сондай-ақ, «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды. 9 желтоқсанда шахтадағы жарылысқа ұласқан өрттің себептерін тексеру жөніндегі Үкімет комиссиясының қорытынды отырысы өтті. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100% анықталып, жұмысты қауіпсіз орындау талаптарын бұзған 19 жауапты тұлға анықталды. фото: ашық дереккөзден Todayinfo.kz
Костенко шахтасындағы апат: Айыпты болуы мүмкін тұлғалардың аты-жөні аталды
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз конференциясында «Костенко» шахтасындағы апат бойынша айыпталған адамдардың аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz Kazinform -ға сілтеме жасап. «Бұл — қатардағы жұмысшылар

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз конференциясында «Костенко» шахтасындағы апат бойынша айыпталған адамдардың аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Todayinfo.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·