Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Көзімді ашқанда айнала толы өліктер жатты — ұшақ апатынан тірі қалған жалғыз жігіт

Үндістандағы ұшақ апатынан жалғыз тірі қалған адам 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш. Ұшақ салонының алдыңғы жағындағы 11A орнында отырған ол Үндістанға туыстарымен көрісу үшін барған екен, деп хабарлайды Todayinfo . Рамештің айтуынша, ұшып шыққаннан кейін қатты д

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Көзімді ашқанда айнала толы өліктер жатты — ұшақ апатынан тірі қалған жалғыз жігіт
Үндістандағы ұшақ апатынан жалғыз тірі қалған адам 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш. Ұшақ салонының алдыңғы жағындағы 11A орнында отырған ол Үндістанға туыстарымен көрісу үшін барған екен, деп хабарлайды Todayinfo. Рамештің айтуынша, ұшып шыққаннан кейін қатты дыбыс естілген, содан кейін ұшақ бірден құлай бастаған. Апаттан кейін есін жиғанда, айналасында жолаушылардың денелері жатқан. Өзі үйінді астынан шығып, жедел жәрдем көлігіне жеткен. Қол- аяғы, көзі жарақаттанған ол қазір ауруханада жатыр. Еске салайық, бүгін Air India әуе компаниясының Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған ұшағы, әуеге көтерілгеннен кейіе 30 секунд өткен соң апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 242 адам болған, олардың қатарында 169 Үндістан азаматы, 53 британдық, 7 португалиялық және 1 канадалық азамат болған. Рамештен басқа барлық жолаушылар қаза тапты.

Ұқсас материалдар

Көзімді ашқанда айнала толы өліктер жатты — ұшақ апатынан тірі қалған жалғыз жігіт · Todayinfo