Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

Көпқабатты үйдің алдынан әйел адамның мүрдесі табылды

9 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Атырау қаласының Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің алдынан суицид жасаған әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Алдын ала ақпарат бойынша 45 жастағы әйел адам сегізінші қабаттан секіріп,

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Көпқабатты үйдің алдынан әйел адамның мүрдесі табылды
9 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Атырау қаласының Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің алдынан суицид жасаған әйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Алдын ала ақпарат бойынша 45 жастағы әйел адам сегізінші қабаттан секіріп, сол жерде жан тапсырған. Қазіргі кезде оқиға орнында жедел жәрдем мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. https://youtu.be/rrIeWw_ILVY Полиция көпқабатты үйдің терезесінен 1979 ж.т. әйел адамның құлағанын растады. Оның өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жәйі тексеріліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас материалдар

Көпқабатты үйдің алдынан әйел адамның мүрдесі табылды · Todayinfo