"Жатақханадан шығарда студент футболка, спорттық шалбар, кроссовка киген, барлығы қара түсті, ерекше белгілері жоқ. Бойы 155-160 см, дене бітімі нәзік, қысқа шашты. Қыз жатақханадан шығып, қоқысты жәшікке лақтырып, телефонмен сөйлесіп колледжден тыс жерге кеткені белгілі. Жоғалған адамды көргендердің барлығына дереу 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласуын сұраймыз", - делінген хабарламада.
Көкшетауда 16 жастағы студент қыз жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған 16 жастағы студент қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Облыстық полиция департаменті. ПД мәліметінше, 1 маусымда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыстық орталық колледждерінің бірінде оқитын студент Анна Писареваның жатақханадан белгісіз бағыт

Ақмола облысында жоғалған 16 жастағы студент қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлады Облыстық полиция департаменті.
ПД мәліметінше, 1 маусымда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыстық орталық колледждерінің бірінде оқитын студент Анна Писареваның жатақханадан белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмағаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Осы факті бойынша жедел-тергеу тобының шығуы дереу жүзеге асырылды, ал жоғалған адамды іздестіру үшін полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлардың жоғалған студенттің орналасқан жерін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер шаруа қожалықтарын, қараусыз қалған құрылыстарды, құрылыс алаңдарын, саябақтарды, кәріз коллекторларын, гараж кооперативтерін, саяжай массивтерін, өзендер мен су айдындарының жағалау аймақтарын, қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, сауда орталықтарын, түнгі клубтарды және басқа да орындарды тексеріп жатыр.
Сонымен қатар куәгерлерден, соның ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінен, жеке тасымалдаумен айналысатын таксилерден сұхбат алынып жатыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·