Кітап оқып, миллион ұтып ал!
Қарағанды облысында алғаш рет республикалық деңгейде өтетін «Кітап оқитын ұлт» байқауы пилоттық жоба ретінде бастау алды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі. Байқау аудандық/қалалық, облыстық кезеңдерден тұрады. Қатысушылар тізімде бекітілген 15 кітапты оқып, байқау

Қарағанды облысында алғаш рет республикалық деңгейде өтетін «Кітап оқитын ұлт» байқауы пилоттық жоба ретінде бастау алды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Байқау аудандық/қалалық, облыстық кезеңдерден тұрады. Қатысушылар тізімде бекітілген 15 кітапты оқып, байқау шарттарын орындауы тиіс. Сайыс орыс және қазақ тілдерінде өтеді.
Облыстық деңгейде топты жарып, жеңімпаз атанғандар қомақты сыйақыға ие болады:
I орынға – 1 000 000 теңге
II орынға – 600 000 теңге
III орынға – 400 000 теңге
Басты мақсат – оқу дағдысын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға баулу, рухани-адамгершілік қасиеттерді халық санасына сіңіру.
Байқау «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, «Alageum Electric» және «RGB» компанияларының қаржылай қолдауымен жүзеге асады.
Сайыс қатысушылары 6 санат бойынша тіркеледі:
• мектеп оқушылары (6-10 сыныптар)
• колледж студенттері
• ЖОО студенттері
• ұстаздар
• мемлекеттік қызметшілер
• отбасы
Қатысушыларды тіркеу 20 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қатысуға ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жерінде білім басқармасында тіркеледі. Сонымен қатар, @kitapoqitynult парақшасы арқылы Instagram және Telegram каналына тіркеліп, толық ақпарат ала аласыз.
Зияткерлік әлеуеті жоғары ұлт болу – ел тұрақтылығын қамтамасыз етіп, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын табысты мемлекет қалыптастырудың басты кепілі.
«Кітап оқитын ұлт» – оқы, ойлан, алға бас!
Фото: pixabay
Ұқсас материалдар

Қарағанды облысы
В Караганде начал работу VI Конгресс нейрохирургов Казахстана
Жаннұр Еділбаева·

Қарағанды облысы
Астанадан бір сағат ішінде: Балқаштың жаңартылған әуежайы алғашқы жолаушыларды қарсы алды
Жаннұр Еділбаева·

Қарағанды облысы
За час из Астаны: обновлённый аэропорт Балхаша встретил первых пассажиров
Жаннұр Еділбаева·

Қарағанды облысы
В Караганде появится новый центр для отдыха и развлечений
Айдар Керім·