Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен бірігу идеясына қарсы шықты
Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен татуласу және бірігу мәселесімен айналысатын агенттіктердің жұмысына тыйым салып, оларды мүлде жауып тастады. AlJazeera телеарнасының хабарлауынша, КХДР басшысы соғысты қаламайды. Бірақ елге қауіп төнетін болса, қарап қалмай

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен татуласу және бірігу мәселесімен айналысатын агенттіктердің жұмысына тыйым салып, оларды мүлде жауып тастады.
AlJazeera телеарнасының хабарлауынша, КХДР басшысы соғысты қаламайды. Бірақ елге қауіп төнетін болса, қарап қалмайды.
Солтүстік Кореяның Жоғарғы халық жиналысында сөйлеген сөзінде Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен қайта қосылу мүмкін емес екенін алға тартып, ол елді «жау мемлекет» атау үшін билікті Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізуге шақырды.
Содан кейін ол Оңтүстік Кореямен татуласуға қатысқан 3 ұйымның, атап айтқанда, Елді бейбіт жолмен біріктіру комитетінің, Ұлттық экономикалық ынтымақтастық бюросы мен Халықаралық туризм бюросының қызметіне тыйым салатынын айтып, олардың мүлде жабылатынын ескертті.
Жақында КХДР зымыран сынақтарын өткізгенде Корей түбегіндегі елдердің арасы одан әрі нашарлап кеткен болатын.
Дереккөз: Халық үні
Todayinfo.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·