"Youtube мүлде ашылмайды": Қазақтелеком интернет жылдамдығына қатысты түсініктеме берді
«Қазахтелеком» интернет баяулығына байланысты ресми жауап беріп, мәселе шешіліп жатқанын айтты.

Қазақстанда YouTube нашар жұмыс істеп жатыр деген шағымдарға байланысты «Қазахтелеком» ресми мәлімдеме жасады. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда интернет қызметін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жағдай көптеген пайдаланушыға әсер етіп отыр — әлеуметтік желілерде, әсіресе Instagram парақшасында пайдаланушылар видео жүктелуінің тым баяу екенін айтып, наразылық білдіруде.
Бұл туралы Todayinfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Қазақстан бойынша интернет жылдамдығының төмендеуіне байланысты техникалық бөлім тарапынан мәселе тіркелді. Қазір мамандар қалпына келтіру шараларын жүргізіп жатыр. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз,» – делінген компания жариялаған хабарламада.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·