Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

ҰҚК қазақстандықтардың жеке деректерін сату желісін жойды

Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін заңсыз айналымға шығарған топ ұсталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Авторы Мұхтар Жексенбай··2 мин оқу
ҰҚК қазақстандықтардың жеке деректерін сату желісін жойды
📷 Дереккөз: inbusiness.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Астана және Алматы қалаларында жеке деректерді заңсыз жинап, таратқан топтың әрекетін тоқтатты. Тергеу барысында азаматтардың құпия ақпараты интернет арқылы таратылып, қаржы саласында пайдаланылғаны анықталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, биылғы наурызда прокурорлық үйлестірумен жүргізілген іс-шаралар барысында күдіктілер Қазақстан азаматтарының жеке деректерін заңсыз жинап, сатқан. Олар интернетте сатылымға шығарған ақпаратты микроқаржы және коллекторлық ұйымдар мен жеке тұлғалар сатып алған.

«Тергеу деректері бойынша, іске қатысты адамдар интернетте заңсыз жолмен алынған ақпаратты сатқан. Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болды», — делінген ҰҚК хабарламасында.

Тінту барысында компьютерлік техника, электронды ақпарат тасығыштар, ірі көлемдегі ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қосымша ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Ұқсас материалдар