Карантин: Эмкар індетінен мал қырылуда
Фото: pixabay Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы шаруа қожалығында эмкар індетінен ірі қара мал қырылуда, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Диапазон басылымына сілтеме жасап. Оқиға орнына мал дәрігерлер барып, қырылған малдан сынама алған. Облыстық ветерина

Фото: pixabay
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы шаруа қожалығында эмкар індетінен ірі қара мал қырылуда, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Диапазон басылымына сілтеме жасап.
Оқиға орнына мал дәрігерлер барып, қырылған малдан сынама алған. Облыстық ветеринарлық зертхана жүргізген сараптама нәтижесінде малдың эмкар ауруынан өлгені анықталған.
«Қырылған малдың өлекселері арнайы мал қорымына шығарылып, жойылды. Қалған мал ветеринарлардың бақылауында», – деп хабарлады ветеринария басқармасы.
Қазіргі уақытта қожалықта мыңнан астам ірі және ұсақ мал, сондай-ақ жеті жылқы бар.
Көптоғай ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруашылыққа карантин енгізілді.
Мамандардың айтуынша, эмкар (эмфизематозды карбункул) – жануарларда қызба туғызып, бұлшықеттерінде ісіктер пайда болуына әкелетін жұқпалы ауру. Көбіне ірі қара мал зардап шегеді. Қой мен ешкіде сирек жағдайларда кездеседі.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·