Кадрлық ауысулар: Қызылорда облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - ҚХА хатшылығының меңгерушісі лауазымына Артур Қамбаров тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Артур Раушанбекұлы 1985 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 2002-

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары - ҚХА хатшылығының меңгерушісі лауазымына Артур Қамбаров тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Артур Раушанбекұлы 1985 жылы 14 мамырда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.
2002-2006 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері», 2009-2011 жылдары Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде инспектор ретінде бастаған.
2007 жылдың шілдесінде аталған мекемеде алғаш мемлекеттік қызметке қабылданып, 2013 жылға дейін маман, әскери есеп столының жетекші маманы, бас маман статист қызметтерін атқарған.
2013-2015 жылдары «Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман-заңгер;
2015-2021 жылдары «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, «Дін істері» бөлімінің бас маманы, «Ақпараттық саясат және БАҚ» бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, «БАҚ және интернет ресурстарымен жұмыс» бөлімінің басшысы;
2021 жылдың 1 маусымынан 2022 жылдың 22 тамызына дейін «Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы;
2022 жылдың 23 тамызынан 2022 жылдың 12 қыркүйегіне дейін «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының дін істері бөлімінің басшысы;
2022-2024 жылдары Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, «Тілдерді дамыту және ономастика» бөлімінің басшысы;
2024 жылдың 3 қыркүйегінен бастап бүгінге күнге дейін «БАҚ және интернет-ресурстармен жұмыс» бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарып келді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·