Todayinfo.kz
ТехнологияБарлық жазбаларды қарау

JUZ40 ҰБТ дайындайтын қазақстандық EdTech Ұлыбританияда үздік деп танылды

Қазақстандық JUZ40 EdTech компаниясы Ұлыбританиядағы беделді International e-Assessment Awards байқауында «Үздік қалыптастырушы бағалау жобасы» номинациясын жеңіп, әлемдік деңгейде танылды.

Авторы Todayinfo редакциясы··1 мин оқу
JUZ40 ҰБТ дайындайтын қазақстандық EdTech Ұлыбританияда үздік деп танылды

Қазақстандық JUZ40 EdTech компаниясы Ұлыбританияда өткен International e-Assessment Awards 2026 халықаралық байқауында «Қалыптастырушы бағалау саласындағы үздік жоба» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындайтын JUZ40 компаниясы «Best Formative Assessment Project» санатында үздік марапатқа ие болды. Бұл санаттың финалына Сингапурдың Singapore University of Social Sciences, Үндістанның PARAKH ұйымы және Қазақстанның JUZ40 Education компаниясы сияқты үш жоба өткен болатын. Қазақстан бұл байқауға алғаш рет қатысып, бірден жүлдеге ие болды.

Лондон қаласында 2026 жылғы 8-10 маусым аралығында цифрлық бағалау саласындағы үздік жобалардың марапаттау рәсімі өтті. Үш күнге созылған форумға аға басшылар, саясаткерлер, білім беру мекемелері мен технологиялық серіктестер қатысты. 9 маусым күні өткен салтанатты гала-кеште түрлі санаттар бойынша жеңімпаздар анықталды. Байқауға Duolingo, Cambridge, Oxford сияқты әлемге танымал ірі компаниялар, оның ішінде Қазақстаннан JUZ40 платформасы өз жобасымен қатысты.

«Біз Лондонда әлемнің ең мықты компанияларымен бір сахнада тұрдық. Бұл жеңіс – Қазақстанның білім беру технологияларының алда екенін көрсетеді. Біздің платформамыз әр оқушыны жеке қолдап, білім алу деңгейін күн сайын жақсартуға бағытталған», — деді компания негізін қалаушы Жұлдызай Мұсаева.

International e-Assessment Awards — халықаралық білім беру саласындағы ең беделді байқаулардың бірі. Оны e-Assessment Association ұйымы өткізеді әрі 2026 жылы байқау 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Байқаудың ерекшелігі — әлемге танымал сарапшылардан құралған жоғары деңгейдегі қазылар алқасы мен тәуелсіз бағалауында. Әрбір компания мен жоба білім беру инновацияларының жоғары стандарттарына сай келуі тұрғысынан қатаң тексеруден өтеді.

Ұқсас материалдар