Испания төртінші рет Еуропа чемпионы атанды!
Испания құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды. Айта кетсек, Астана уақыты бойынша бүгін түнде Берлин қаласындағы «Олимпийский» стадионында Испания мен Англия құрамасы арасында финалдық матч өтті. Алғашқы таймда есеп ашылмағанмен, екінші таймның 47-ми

Испания құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанды.
Айта кетсек, Астана уақыты бойынша бүгін түнде Берлин қаласындағы «Олимпийский» стадионында Испания мен Англия құрамасы арасында финалдық матч өтті. Алғашқы таймда есеп ашылмағанмен, екінші таймның 47-минутында Испания құрамасы гол соғып, есепте алға шықты.
Англия да толассыз шабуыл ұйымдастырып, 73-минутта Коул Палмер есепті теңестірді. Алайда 86-минутта Испания құрамасының ойыншысы Микель Оярсабаль гол соғып, Испанияның төртінші рет Еуропа чемпионы атануына септігін тигізді. Ал Англия құрамасы екінші рет Еуропа чемпионатының финалында жеңіліске ұшырады.
Еске сала кетсек, Испания құрамасы 1964, 2008 және 2012 жылы Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·