Иран билігі ел астанасын оңтүстікке көшіруді ұсынды
Иран президенті Масуд Пезешкиан ислам мемлекетінің астанасын Тегераннан Парсы шығанағы жағалауына көшіру мәселесін қозғады. Пезешкианның айтуынша, қазіргі уақытта Тегеран бетпе-бет келіп отырған проблемаларда өзге тәсілмен шешу мүмкін емес. "Бізде экономикалық және саяси ор

Иран президенті Масуд Пезешкиан ислам мемлекетінің астанасын Тегераннан Парсы шығанағы жағалауына көшіру мәселесін қозғады.
Пезешкианның айтуынша, қазіргі уақытта Тегеран бетпе-бет келіп отырған проблемаларда өзге тәсілмен шешу мүмкін емес.
"Бізде экономикалық және саяси орталықты елдің оңтүстік жағалауына көшіргеннен басқа амал жоқ", – деді Иран басшысы.
Президенттің бұл сөзін Fars агенттігі келтірген.
"Шикізатты оңтүстіктен және жағалаудан орталыққа жеткізіп, дайын өнім шығару және оны экспортқа шығару үшін қайтадан оңтүстікке жөнелту біздің бәсекеге қабілеттілігімізді кемітіп отыр", – деді Иран президенті.
Сондай-ақ ол қалың көпшіліктің қолдауына ие болу үшін билік алдымен өзі бірінші қадам жасауы керек екенін атап өтті.
Дереккөз: Stan.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·