Иран аятолла Әли Хаменейдің қазасына орай 40 күн аза тұтады
Иран билігі ел аумағында 40 күндік бүкілхалықтық аза тұту жариялап, 7 күндік жалпыұлттық демалыс енгізілгенін мәлімдеді. Бұл шешім Жоғарғы көшбасшының қазасына байланысты қабылданған. Иранның жетекші ақпарат агенттіктері – Tasnim News Agency, IRNA, ISNA, Mehr News Agency және Far

Иран билігі ел аумағында 40 күндік бүкілхалықтық аза тұту жариялап, 7 күндік жалпыұлттық демалыс енгізілгенін мәлімдеді. Бұл шешім Жоғарғы көшбасшының қазасына байланысты қабылданған.
Иранның жетекші ақпарат агенттіктері – Tasnim News Agency, IRNA, ISNA, Mehr News Agency және Fars News Agency – Жоғарғы көшбасшының жұмыс орнында көз жұмғанын хабарлады.
БАҚ дерегіне сәйкес, ол қайтыс болған сәтте қызметтік міндеттерін атқарып отырған. Tasnim агенттігі шабуыл сенбі күні таңсәріде жасалғанын жазды. Сонымен қатар ирандық медиа бұған дейін кейбір шетелдік ақпарат құралдарында революция жетекшісі қауіпсіз жерге жасырынды деген мәлімет тарағанын, алайда оның шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті.
Бұдан бөлек, Ислам революциясы сақшылары корпусы алдағы уақытта жауап шаралары қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді. Корпус өкілдері Иран қарулы күштері тарапынан ауқымды әскери операция жасалуы ықтимал екенін жеткізген.
Айта кетейік, Жоғарғы көшбасшының қазасы туралы ақпаратты алғаш болып израильдік ресми тұлғалар жариялаған. Кейін бұл жөнінде АҚШ президенті Доналдь Трамп та мәлімдеген. Бірақ белгәлі бір уақыт бойы Иран билігі бұл ақпаратты жоққа шығарған.
Фото: WANA
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·