Тележүргізуші әрі медиамаман Динара Сәтжанның жұбайы, кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі Жанна Жанықұлова әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, жеке өміріне қатысты тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, кәсіпкермен 20 жыл отасып, бес баланы дүниеге әкелген. Жанна Жанықұлованың сөзінше, отбасындағы некенің бұзылуына жолдасының опасыздығы мен басқа әйелдермен байланысы себеп болған. Ол соңғы жылдары Динара Сәтжан пайда болған соң дүниеге талас басталып, реси түрде ажырасу болғанын айтты.
«Мен Жанықұлова Жанна Маратқызымын, бес баланың анасымын. Балаларымның барлығы Жұмабек Жанықұлмен заңды некеде тұрған кезде дүниеге келді. Біз 20 жыл бірге өмір сүрдік. Алайда ажырасуымызға оның бірнеше рет көзге шөп салуы мен тоқалдарының болуы себеп болды. Қазір осы мәселеге байланысты сот процесі жүріп жатыр. Некеде тұрған жылдары неке келісімшарты да, мүлікті бөлуге қатысты әңгіме де болған емес. Бұл мәселелердің барлығы оның өмірінде жаңа әйел пайда болғаннан кейін ғана көтерілді», – деді ол.
Сонымен қатар Жанна Жанықұлова қазіргі сот процесінің әділ өтіп жатқанына күмән келтіретінін айтып, қоғам өкілдерінен қолдау мен көмек сұрады.




