Павлодар облысының Актогай ауылында қатты желдің салдарынан шатырдан ұшып келген шифер парағы жергілікті тұрғынды жарақаттады. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды.
1985 жылы туған әйел бетінің жұмсақ тіндері жараланып, мұрын сүйектері сынған күйде жедел жәрдем дәрігерлерімен аудандық ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы түскен кезде орташа ауырлық дәрежесінде болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақтандырылған. Одан әрі мамандандырылған ем алу үшін оны Павлодар қалалық ауруханасының бет-жақ хирургиясы бөлімшесіне жеткізу жоспарлануда.




