Халықаралық іздеуде болған қылмыскер Чехияда ұсталды (ВИДЕО)
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Күдіктіні Бас прокуратура, ішкі істер министрлігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен бірлесе экстрадициялады. Ж. 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауар

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
Күдіктіні Бас прокуратура, ішкі істер министрлігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен бірлесе экстрадициялады. Ж. 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, оны алдап 19 миллион теңгенің тауарын иемденген. Оны басқа азаматтарға сатып, ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.
2024 жылдың қаңтарында ол Чехияда ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·