«Есірткі қосылған кәмпит таратылды»: жалған ақпарат Қазақстаннан Әзербайжанға жеткен
Әзербайжанда ата-аналар чаттарында мектеп оқушылары арасында «құлпынай дәміндегі наркотик» таралып жатыр деген хабарламалар кеңінен тарады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Бұл ақпаратта «құлпынай леденецтері» түріндегі қауіпті заттың метамфетаминнің бір түрі ек

Әзербайжанда ата-аналар чаттарында мектеп оқушылары арасында «құлпынай дәміндегі наркотик» таралып жатыр деген хабарламалар кеңінен тарады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бұл ақпаратта «құлпынай леденецтері» түріндегі қауіпті заттың метамфетаминнің бір түрі екені айтылып, оның балаларды ауыр жағдайға жеткізетіні туралы ескерту жасалған.
Хабарламаға қоса құлпынай хош иісі бар қызғылт түсті аю пішіндес конфеттердің суреті тіркелген. Онда бұл заттардың ауызда шипылдап, жарылып, балаларды ауыр халге жеткізетіні және шұғыл түрде ауруханаға жатқызу қажет екені айтылған.
Басқа елдердегі жалған ақпарат
Мұндай хабарламалар бұған дейін Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің әлеуметтік желілерінде тараған еді. Қазақстан мен Қырғызстанның ІІМ өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олар мектептерде мұндай наркотиктің таратылуы туралы ешбір нақты фактінің жоқ екенін мәлімдеген.
Әзербайжан ІІМ ресми жауабы
1news.az порталының сұрағына жауап берген Әзірбайжан ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Эльбрус Ибрагимов әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың жалған екенін растады.
«Бұл ақпарат толық тексерілді. Полиция қызметкерлері мектептерде ешқандай қауіпті заттың таралмағанын анықтады. Аталған хабарлама шетелдік интернет-ресурстардан шыққан жалған ақпарат болып табылады», — деді Э.Ибрагимов.
Ұқсас материалдар

Аймақ
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Аймақ
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Аймақ
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·