«Ешқандай қойылым емес»: Министр ұшақта құтқарған кісі танымал журналист болып шықты
Кеше ұшақ бортында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова науқас адамды құтқарып қалғанын жазған болатынбыз, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ұшақта жағдайы нашарлап кеткен жолаушының кім екені белгілі болды. Ол — 1,6 млн жазылушысы бар танымал журналист Гүлми

Кеше ұшақ бортында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова науқас адамды құтқарып қалғанын жазған болатынбыз, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ұшақта жағдайы нашарлап кеткен жолаушының кім екені белгілі болды. Ол — 1,6 млн жазылушысы бар танымал журналист Гүлмира Абықай екен. Эконом-класта, авариялық шығу есігінің жанында отырған сәтінде денсаулығы күрт нашарлап, көмекке мұқтаж болғанын өзі айтып берді. Билетті де сақтап қойған.
Оған сол сәтте алғашқы көмек көрсеткен — денсаулық сақтау министрі. Журналист бұл оқиғаның кездейсоқ болғанын айтады.
Бірақ ең қызығы, дәл сол күні Гүлмира Абықай Білім министрімен де жолығыпты.
Министрлерге деген «магнит» секілді: бір күнде екі министрмен кездесіп үлгерді. Ал елдегі өзекті проблемаларды көтеріп жүрген басқа журналистер айлап жауап ала алмай жүргенде, бұған министрлер өздері «жолыққандай» күйде.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Жалақыны реттесін, бастық қазақ болсын»: Жамбыл облысындағы фосфор зауытының жұмысшылары бас көтерді
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Похищение невест против воли не имеет отношения к казахским традициям — омбудсмен
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Үкіметтің 2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттемелері орындалды — Мәди Такиев
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Все социальные обязательства Правительства в 2025 году исполнены — Мади Такиев
Жаннұр Еділбаева·