Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Ең төменгі дәрежеде жәннатқа кірген мұсылманға 2 хор қызы беріледі – Мұхамеджан Тазабек

Бұрынғы айтыскер ақын, діни уағызшы Мұхамеджан Тазабек жәннатқа кіруге үмітті. Жәннатта жігіттерді хор қыздары күтіп тұратынын айтты. «Уақыт көрсетеді» Youtube арнасына берген сұхбатында жәннатта ең төменгі дәрежеде кірген мұсылманға кемі екі хор қызы берілетінін айтты, деп хабар

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Ең төменгі дәрежеде жәннатқа кірген мұсылманға 2 хор қызы беріледі – Мұхамеджан Тазабек
Бұрынғы айтыскер ақын, діни уағызшы Мұхамеджан Тазабек жәннатқа кіруге үмітті. Жәннатта жігіттерді хор қыздары күтіп тұратынын айтты. «Уақыт көрсетеді» Youtube арнасына берген сұхбатында жәннатта ең төменгі дәрежеде кірген мұсылманға кемі екі хор қызы берілетінін айтты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Мұхамеджан Тазабек ақша жақын екенін, уағыз бен психологиялық пікір айтып ақша табатынын да жасырмады. Яғни, көп сөйлеу оның кәсібі.
«Исламның негізгі кітаптарында, негізгі білімдерінде айтылғаннан кейін иманның алты шарты бар. Соның бірі оның кітаптарына сену. Егер кітаптарына сенсек, сол ішінде бар деп тұр. Адамда қандай көркем сипаттар бар соның барлығы хор қыздары сондай болатыны жазылған. Хадистерге келсе, ең төменгі дәрежеде, жәннатқа кірген мұсылманға 2 хор қызы беріледі дейді. Солай жазылған», — деді Мұхамеджан Тазабек.
Журналист одан жәннатқа кірген әйел адамға не кіретінін сұрап, оның да жауабын алды.
«Алланың рахымы сондай әйел адам да риза болатын, әйел адамның толық рахатын қанағаттандыратын нәрсені Алланың өзі реттеп береді. Күйеуі қайтыс болған жесір әйел мүмкін жәннатқа кіретін шығар. Немесе бірнеше әйелі бар жігіттің әйелі кіретін шығар. Оның мәселесін Алланың өзі шешіп береді. Негізгі, ең ұлы әділдік ол — Алланың алдында болған кезде болады», — деді ол.
Кезінде ескі клан Назарбаевты мақтаған Мұхамеджан өзіне бата берген Қонаевқа адалмын деп ақталды.

Ұқсас материалдар

Ең төменгі дәрежеде жәннатқа кірген мұсылманға 2 хор қызы беріледі – Мұхамеджан Тазабек · Todayinfo