Todayinfo.kz
Қызылорда облысыБарлық жазбаларды қарау

Энергетикада тарихи оқиға: Қызылордада инвестор қаржысына салынған тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы жаңа ЖЭО тұрғызылуда

Қызылордада еліміз үшін тарихи нысан — Тәуелсіздік алғаннан бергі алғашқы жаңа жылу электр орталығы (ТЭЦ) салынуда. Бұл – оңтүстік өңірлерді энергия тапшылығынан толық арылтатын стратегиялық жоба, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойын

Авторы Айғаным Нариманова··3 мин оқу
Энергетикада тарихи оқиға: Қызылордада инвестор қаржысына салынған тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы жаңа ЖЭО тұрғызылуда
Қызылордада еліміз үшін тарихи нысан — Тәуелсіздік алғаннан бергі алғашқы жаңа жылу электр орталығы (ТЭЦ) салынуда. Бұл – оңтүстік өңірлерді энергия тапшылығынан толық арылтатын стратегиялық жоба, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған ТЭЦ өңірге 240 МВт электр қуатын және 277 Гкал жылу энергиясын береді. Бұл – Қызылорданың ғана емес, бүкіл аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін түбегейлі күшейтетін қадам. Жобаның құны – 215 млрд теңге. Құрылысты түркиялық Aksa Energy компаниясы өз инвестициясы есебінен іске асыруда. Қазірдің өзінде 145 млрд теңгеден астам қаржы игерілді. Айта кетейік, нысан инвесторлар қаржысы есебінен салынған. Негізгі қондырғылар толық орнатылған: • әрқайсысы 176 МВт болатын екі газ турбинасы; • 95 МВт бу турбинасы; • өнімділігі 120 т/сағ екі бу қазандығы; • қуаттылығы 150 Гкал/сағ төрт су қыздыру қазандығы. Құрылыстың жалпы дайындығы – шамамен 75%. Орталыққа дейінгі 45 шақырымдық газ құбыры мен автоматтандырылған газ тарату стансасы мемлекет есебінен, 15 млрд теңгеге салынды. Құрылыс алаңында 1200-ден астам жұмысшы мен 130 техника еңбек етуде. ТЭЦ іске қосылғанда 120 тұрақты жұмыс орны ашылады. Нысанның бірінші кезеңі 2025 жылдың IV тоқсанында, толық қуатқа шығуы 2026 жылы жоспарланған. Бұл ТЭЦ – еліміздің жаңа энергетикалық дәуірінің бастауы.

Ұқсас материалдар

Энергетикада тарихи оқиға: Қызылордада инвестор қаржысына салынған тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы жаңа ЖЭО тұрғызылуда · Todayinfo