Елордалық пауэрлифтерлер «Таза Қазақстан» акциясына қосылды
Бүгін №7 БЖСМ пауэрлифтинг бөлімінің спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Жас спортшылар Астана қаласының құрамасы жаттығатын Қалдаяқов көшесіндегі спорт залының аумағында сенбілік өткізді. Олар маңайдағы қоқысты тазалап қана қоймай, ағаш отырғызып, елордан

Бүгін №7 БЖСМ пауэрлифтинг бөлімінің спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Жас спортшылар Астана қаласының құрамасы жаттығатын Қалдаяқов көшесіндегі спорт залының аумағында сенбілік өткізді. Олар маңайдағы қоқысты тазалап қана қоймай, ағаш отырғызып, елорданы көгалдандыруға үлес қосты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Классикалық пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Егор Кузнецов осындай іс шаралардың маңыздылығын атап өтті:
«Біз Астананың атынан жарыстарға қатысқанымызды мақтан тұтамыз. Дегенмен туған қаламызды таза ұстау да маңызды. Экологиялық акциялар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады. Экологияға қамқорлық – бұл спорт сияқты тәртіп. Біз таза және жасыл Астананы қолдаймыз», – дейді ол.
Бұл бастаманы жаттықтырушылар мен мектеп басшылығы қолдап, мұндай акциялар жас спортшыларда азаматтық сана мен туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейтінін атап өтті.
№7 БЖСМ директоры Серік Халелов барлық қатысушыларға алғысын білдірді:
«Таза Қазақстан» бүкіл ел бойынша мыңдаған белсенді адамның басын қосады. Біздің спортшылар жастарға үлгі көрсетіп қана қоймай, спорт пен экологияның қатар жүретінін насихаттайды. Біз апта сайын сенбіліктер өткіземіз, бұл жақсы дәстүрге айналды. Балалар мен жаттықтырушыларға белсенді азаматтық ұстанымы мен қаламызды жақсартуға деген ұмтылысы үшін алғысымыз шексіз», – деді.
Ұқсас материалдар

Астана
Танымал бейнероликтің кейіпкері үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді
Жаннұр Еділбаева·

Астана
Nazarbayev University пәтерінен қару табылды: полиция қылмыстық іс қозғады
Todayinfo редакциясы·

Астана
Астанада Жеңіс күні әскери техника көрмесі мен концерттер өтеді
·

Астана
Астана презентовала подготовку к чемпионату мира по настольному теннису в Лондоне
Жаннұр Еділбаева·