«Аталған жалған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 431 млн теңге сомаға қолма-қол қаражат алынды. Ұрланған қаражаттарды заңды айналымға тарту мақсатында ол жұбайының атынан бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, қосымша 89 млн теңге қылмыстық табыс тапқан. Қылмыстық табысқа ол Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер және «Toyota Highlander» автокөлігін сатып алған. Сот осы мүліктерге, сондай-ақ 50 млн теңге ақша және 91 млн теңге құны бар бағалы қағаздарға тыйым салды», - деп хабарлайды ҚМА.Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.
Үй мен көлік алып, казиноға жұмсаған: Экс-депутат субсидияға бөлінген жарты миллиард теңгені қалтасына басқан (ВИДЕО)
ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы Қарасай аудандық Маслихатының экс-депутатына қатысты аса ірі көлемде алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы. Күдікті экс-депутат мемле

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы Қарасай аудандық Маслихатының экс-депутатына қатысты аса ірі көлемде алаяқтық және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Күдікті экс-депутат мемлекеттен ұрлаған 170 млн теңгені Қонаев қаласындағы казиноға құртқаны белгілі болды.
Мемлекеттен субсидия алу мақсатында күдікті Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына «Награда» түріндегі таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттарды ұсынған. Әуел баста 947 млн теңгені сұралып, оның тең жартысына тең, яғни, 474 млн теңге көлемінде субсидия алған.
Бұл кірістерді жылыстату үшін күдікті 21 жеке кәсіпкермен көшеттерді орау, тиеу, түсіру жұмыстарын орындау үшін жалған келісімшарттарды қамтитын көп деңгейлі схема әзірлеген. Іс жүзінде әрине бұның бірі де болмаған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·