«Екі үйір жылқыны атып, етін ұрлаған»: Алматы облысында полицейлер төрт қарақшыны ұстады
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақши ауылының 20–25 жас аралығындағы төрт тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар үй жануарларын заңсыз атып, кейін сойып, етін алып кету арқылы өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыруға тырысқан деген күдікке ілінді. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақши ауылының 20–25 жас аралығындағы төрт тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар үй жануарларын заңсыз атып, кейін сойып, етін алып кету арқылы өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыруға тырысқан деген күдікке ілінді. Күдіктілер қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында бұл заңсыз әрекеттердің жергілікті тұрғындар арасында кең қоғамдық резонанс тудырғаны анықталды.
Тінту шаралары кезінде Ақши ауылындағы үйлердің бірінен аңшылық қару, сондай-ақ сойылған жылқының бөлшектері табылып, тәркіленді. Заттай дәлелдемелер іс материалдарына тіркелді, ал ет заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда аталған істің тергелу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Фото: скрин
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·