Екі баласын тұншықтырып өлтірген мұғалім сотталды
Түркістан облыстық сотында балаларын өлтірді деп күдікке ілінген атышулы сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo Ulysmedia.kz .-ке сілтеме жасап. Сотталушыға қатысты сот 21 мамырда басталған еді. Айыпталушы – 31 жастағы Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны. Ал жәбірлен

Түркістан облыстық сотында балаларын өлтірді деп күдікке ілінген атышулы сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Todayinfo Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Сотталушыға қатысты сот 21 мамырда басталған еді. Айыпталушы – 31 жастағы Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны. Ал жәбірленуші оның күйеуі, марқұм балалардың әкесі болды. Өз балаларын тұншықтырып өлтірді деп күдікке ілінген әйелдің адвокаты соттың алқабилер қатысуымен өтуіне, әрі келіншекке психиатриялық сараптама жасалуына өтініш берген.
Сараптама қорытындысы бойынша үш және төрт жастағы балаларын өлтіргенде әйелдің ақыл-есі дұрыс болғаны анықталды.
Сараптама 6 наурызда басталып, 4 сәуірде аяқталған. 29 күнде толық бақылаудан өткен. Мамандар есі дұрыс деген жауап берген. Ал бұл қылмысқа мотив ретінде сотталушының күйеуімен араздығы себеп болуы мүмкін. Біз оны тіпті іске де тіркедік. Яғни айыпталушы мен жәбірленушінің жазған хабарламасынан 15 күн вахтада жұмыс істеген күйеуінің 15 күн демалысында үйіне келмейтіні мәлім болды. Содан екеудің арасында ұрыс басталған, - дейді Түркістан облыстық қылмыстық істеп жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.
Сотталушының адвокаты әйелдің психологиялық ауытқушылығы барына сенімді. Сөзінше, тұқымқуалаушылық ауру оның туған-туыстарында да бар. Және келіншек адвокатымен сөйлескенде бұл әрекетке құлағына біреу сыбырлағаннан жасағанын айтқан.
Істі алқабилер бірнеше ай бойы қарады. Бұл процесті журналистерге сотталушы мен алқабилерді көрсетпеу шартымен жариялауға рұқсат етілді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 7 ақпанда Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бала өлі табылған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·