"Аталған қылмыстық істердің тергелу барысында бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, қорытындыларына сәйкес қылмыстық істер бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Басқа ақпарат қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сай жарияланбайды", – делінген хабарламада.Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабы бойынша чемпионның әйелі екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазалануы әбден мүмкін.
«Екі әйелді ұрды деген күдікке ілінген»: Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр
Майқұдық полициясы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әйелі Саида Елеусіноваға қатысты Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы бойынша істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Еске салсақ, наурыздың басында Қарағанды қаласында Данияр Елеусіновтің жұбайына қаты

Майқұдық полициясы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әйелі Саида Елеусіноваға қатысты Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы бойынша істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, наурыздың басында Қарағанды қаласында Данияр Елеусіновтің жұбайына қатысты тұрмыстық жанжал қоғам назарына іліккен еді. Оқиға көршілер арасындағы түсініспеушіліктен басталған.
Жәбірленушілер спортшының әйелі өздеріне күш қолданды деп айыптаса, Саида Елеусінова бұл жағдайды жай ғана тұрмыстық дау деп түсіндіріп, көршілерін күйеуінің атын пайдаланып, мәселені ушықтырды деп есептейді. Екі тарап та бір-біріне қарсы арыз жазған.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, Майқұдық полициясы бөлімінде Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы бойынша екі іске қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген.
Ұқсас материалдар

Спорт
36,4 млн теңге табыс: Бибісара Асаубаева Норвегиядағы додада топ жарды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Қордайда жантүршігерлік жол апатынан 1 адам көз жұмды
Айғаным Нариманова·

Спорт
Александр Винокуров Рим Папасына Қазақстан велоспорт құрамасының жейдесін сыйға тартты
Айғаным Нариманова·

Спорт
«Текстің мәтіні бірдей»: журналист Спорт министрлігін Олимпиада чемпионына қарсы блогерлерді жалдағанын айтып, сынады
Айғаным Нариманова·